Құлсарыда тасқыннан зардап шеккен тұрғындарға жаңа үйлер қашан беріледі?

Бүгінгі күні қала аумағында 100 жаңа үйдің құрылысы жүргізіліп жатыр деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

«Болашақ» деп аталатын жаңа шағын аудандағы құрылыс жұмыстары жаз мезгілінде басталған. Жоспар бойынша мұнда 100 жаңа үй бой көтереді. 80 баспананың құрылысын «Қазақстан халқына» қоры қаржыландырған, қалғаны жергілікті бюджеттің есебінен тұрғызылуда. 

Жаңа үйлер көктемгі су тасқыны кезінде баспанасы қирап қалған қала тұрғындарына тапсырылмақшы.

Еске сала кетейік, жыл басындағы тасқынның салдарынан өңірдегі 4 мыңнан астам баспана су астында қалып, оның 1000-ы тұруға мүлдем жарамсыз болып қалған еді. 

Сондай-ақ көктемгі су тасқыны кезінде Құлсары қаласында 2650 жеке үйге су кірген. 1453 баспана тұруға жарамсыз болып қалғандықтан олардың иелеріне жаңа үй алуға қаражат берілді. Аймақтағы қазіргі жағдай бойынша BAQ.KZ арнайы фоторепортаж әзірлеген еді. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Видео: Асылхан Жуланов
Өзгелердің жаңалығы