Құлсарыда адамдар жолаушылар пойызымен эвакуацияланып жатыр

Атырау облысындағы Жем өзеніндегі су деңгейінің көтерілуі салдарынан су басуға қатысты соңғы ақпараттар белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Құлсары қаласында 5 сәуір сағат 21.00-дегі алдын-ала ақпаратқа сәйкес Жадырасын, Әуежай, Вахтовый, №2,3,5 шағын аудандарында 2500-ге жуық ғимаратты, 5 кәсіпкерлік нысанын су басқан. Жергілікті атқарушы орган, ТЖД, ПД, ҚМ, Ұлттық гвардияның күшімен халықты эвакуациялау жалғасуда, - делінген ақпаратта.

Тұрғындарды жолаушылар пойызымен эвакуациялау жүргізіліп жатыр.

Құлсарыдан Атырау қаласына 5 вагонмен 385 адам, оның ішінде, 99 бала эвакуацияланды. Эвакуациялау шаралары жалғасуда.

Зардап шеккендерге 4000-нан астам волонтерлер көмекке келген. Оның ішінде, 100 адам Маңғыстау облысы Бейнеуден келгені белгілі болды.

Эвакуациялау жөніндеші комиссияның жоспардан тыс отырысы өткізілді. Құлсары қаласында халықты қабылдайтын 7 пункт дайындалған (барлығы 14 эвакуациялық жинау пункті бар), 2256 адам орналастырылды.

Қазіргі уақытта 2500-ге жуық ғимаратты су басқаны анықталған. Есептеу әлі жалғасуда.

ҚР ҚМ «Батыс» өңірлік қолбасшылығы Жем өзенінде (Құлсары қаласынан 30 шақырым жерде) Каспий теңізіне қарай су ағынының өту қабілетін ұлғайту үшін жерүсті жару жұмыстарын жүргізуде.

2 жару жұмысы жүргізілді, тағы біреуі жоспарлануда.

Құлсары қаласындағы 6 шағын аудан (Жадырасын, Аэропорт, 2, 3, 5 учаскелер, Вахтовый) жарықсыз қалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов Атырау облыстық ТЖД
Өзгелердің жаңалығы