Құлсарыда 500 үйге электр жарығы берілді

«Жылыой аудандық электр жүйесі» АҚ басшысы Марат Таңатарұлының айтуынша, тасқыннан кейінгі Құлсары қаласында күніге 60-100 үй электр тогына қосылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Су тасқынына байланысты, 5 сәуірде Құлсары қаласы бойынша он ықшамауданда жарық өшірілген болатын. Қазіргі таңда су бармаған, құрғақ жерде тұрған 500 үйге электр  жарығы берілді. Жағдайды жедел қалыпқа келтіру мақсатында уақытша трансформаторлар да орнатылуда. Жарықты қалпына келтіру жұмыстарын үйлестіру үшін, Құлсары қаласында тәулік бойына күніге төрт бригада, сегіз арнайы техника жұмыс істеуде» деді,- «Жылыой аудандық электр жүйесі» АҚ басшысы Марат Таңатарұлы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы
Өзгелердің жаңалығы