Құлсарыда 3 ауқымды жоба жүзеге асырылады

Биыл Құлсары қаласын абаттандыру бағытында 3 ауқымды жоба жүзеге асырылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, Құлсары қаласындағы ықшамаудандардың аулалары абаттандырылады. Бұл жұмыстар аясында аулаішілік жолдарды жөндеу, автотұрақтар салу, балалар ойын алаңын, спорт алаңдарын, баскетбол, футбол алаңдары салынуда.

Сонымен қатар қаланың 11 ықшам ауданында әмбебап балалар ойын алаңдары және қаланың 38 көшесіндк жаяу жүргіншілер мен веложолдар салынып жатыр. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде, - деді қала әкімі Қадіржан Адинов.

Жоғарыда аталған жұмыстардың барлығы күз мезгілінде аяқталады деп жоспарланып отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы