6 Сәуір 2024 2024, 16:10
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі
Құлсары тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жалғасуда
Құлсары қаласында тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Құлсары қаласында тұрғындарын эвакуациялау жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Осы сағаттарда Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласынан Маңғыстау облысына 15 000-ға жуық адам, оның ішінде 5500-ге жуық бала эвакуацияланды. 21 уақытша орналастыру пункттеріне 1641 адам, оның ішінде 741 бала эвакуацияланды. 12000-нан астам адам туыстарының үйлеріне орналастырылды.
Маңғыстау облысы ТЖД және ЖАО күштерімен сыйымдылығы 83000-нан астам адамды құрайтын 201 халықты уақытша орналастыру пункттері дайындыққа келтірілді.
Эвакуациялау жұмыстары жалғасуда.