Құлсары көшелерінен 5,6 млн текше метрден астам су шығарылды

Құлсары көшелерінен 5,6 млн текше метрден астам су шығарылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазіргі уақытта Құлсары қаласының Болашақ шағынауданында орналасқан 14 үй су астында қалып отыр, деп хабарлайды ТЖ жөніндегі жедел штаб.

Соңғы ресми деректер бойынша, Жылыой ауданында су тасқыны кезінде 282 шағын және орта бизнес субъектісі зардап шекті. Бизнес нысандарын су тасқынынан қорғау мақсатында ұзындығы 3,4 км қорғаныс бөгеті салынды.

Қазіргі уақытта Құлсары көшелерінен 5,6 млн текше метр су шығарылды.

Қазіргі уақытта біз Вахтовый шағынауданына қарама - қарсы айналма жол ауданында орналасқан кәсіпкерлік қызмет аумағын құрғатып жатырмыз, - деді Жұмабек Қаражанов.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ТЖМ
Өзгелердің жаңалығы