Құлдықта болған қыздар жайында тың деректер шықты

Журналист Руслан Өтепбай 17 жыл құлдықта болған Назгүл мен Құндыздың қазіргі жағдайын білу үшін Таразға барып, олардың хал-ахуалын нақтылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өтепбайдың айтуынша, Құндыздың денсаулығының нашарлауына оның дәрілерін уақытылы қабылдамауы себеп болған.

Құндыз бен Назгүлге алаңдаған жандарға... Құрметті оқырмандар, соңғы күндері қос қыздың жағдайы сіздерді алаңдатып отырғанын білемін. Сондықтан психотерапевт Санжар Тұрсынметовпен бірге Таразға барып қайттық. Бастысы, апалы-сіңлінің қазіргі жағдайы бірқалыпты. Тек Құндыз дәрілерін уақытылы ішпегендіктен, дәлірек айтсам, Алматыдан Таразға қоныс аударғалы бері мүлдем қабылдамағандықтан, денсаулығы сыр берген. Дәрігер Санжар Тұрсынметов қыздардың жағдайымен танысып, олардың қазіргі қамқоршысы Зульфия ханымға медициналық шараларды түсіндірді, – деді журналист.

Сондай-ақ, Руслан Өтепбай қыздарды өзімен алып кете алмайтынын айтты.

Құрметті оқырман, мен бұрынғыдай қыздарды Алматыға әкеліп, жанымда ұстай алмаймын. Себебі олардың заңды қамқоршысы емеспін. Ал заңға қарсы шығу – қылмыс. Тек Зульфия ханым қамқоршылықтан бас тартқан жағдайда ғана мен олардың ресми қамқоршысы бола аламын. Дегенмен бұл қыздардың жағдайын бақылап, хал сұрап тұруыма ешқандай кедергі жоқ. Әр ай сайын барып, олардың жағдайынан хабар алып тұрамын. Менен бөлек, Тараз қаласының қорғаншы және қамқоршы органдары да қыздарды өз бақылауына алады, – деп түсіндірді Өтепбай.

Журналист сөзінің соңында қыздардың барша жанашыр жандарға сәлем жолдап, келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтағанын жеткізді

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Видеодан скрин
Өзгелердің жаңалығы