Бүгiн 2026, 08:50 Фото: 24.kz / видеодан скрин

Құбыр бар, газ жоқ: ШҚО-дағы сегіз ауыл әлі көмір жағып отыр

Зайсан ауданындағы сегіз ауыл 13 жылдан бері газға қосылуды күтіп отыр. Құбыр тартылғанымен, жоба құрдымға кеткен. Енді жабылып қалған жоба қайтадан мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр, нәтижесіне қарай қаржыландыру шешілмек.

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданындағы сегіз ауыл тұрғындары 13 жылдан бері табиғи газға қосылуды күтіп отыр. Газдандыру жобасы басталғанымен, елді мекендер әлі күнге дейін көмір жағып күнелтуде. Қазір жоба мемлекеттік сараптамадан өтіп жатыр, нәтижесіне қарай қаржыландыру шешіледі.

Тұрғындардың айтуынша, газ құбыры ауыл шетіне дейін тартылған, бірақ жүйеге қосылу мәселесі шешілмеген. Қазір олар пеш жағып, отын тасып, күл шығаруға мәжбүр.

Жергілікті биліктің мәліметінше, жоба бірнеше жылға созылған сот даулары мен құжаттарды қайта түзетуге байланысты тоқтап қалған. Қазір ол қайтадан мемлекеттік сараптамадан өтуде.

Осы уақытқа дейін тіпті түзетуге де рұқсат берілмей келді. Шынымен де, газ қорына қатысты сұрақтар болды, бас тартуға басқа да салмақты себептер де болды. Бірақ қазір белгілі бір ілгерілеушілік бар. Бұл үміт сыйлайды. Жоба сараптамаға жолданды, – деп мәлімдеген Зайсан ауданының құрылыс бөлімінің басшысы Қайрат Жүрсінов.

Алдын ала есептеулер бойынша, жобаның құны шамамен төрт миллиард теңгені құрайды. Алайда сараптамадан өткен соң бұл сома өзгеруі мүмкін. Ең бастысы – Дайыр, Біржан, Сарытерек, Көкжыра, Сарыжыра, Қуаныш, Жарсу және Бақасу тұрғындары үшін игілікті инфрақұрылым жобасы жүзеге аспақ ниетте.