«Қуатжылуорталыққа» 4,9 млн теңге айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті тұтынушының өтініші негізінде «Қуатжылуорталық-3» МКК-на қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлады Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі. 

Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша «Қуатжылуорталық-3» МКК-ы «Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасы заңының 26-бабының 2-тармағының 6) тармақшасын бұза отырып, растаушы құжаттарсыз тұтынушыға жылумен жабдықтау қызметтері үшін қосымша есептеу ұсынғаны анықталды.

Осыған байланысты, жол берілген бұзушылықтар үшін «Қуатжылуорталық-3» МКК-ы әкімшілік жауапкершілікке тартылды және 4,9 млн теңге сомасына айыппұл салынды, сондай-ақ ұсынылатын реттеліп көрсетілетін қызметке жатпайтын қосымша талаптарды белгілеу практикасын тоқтату арқылы табиғи монополиялар туралы ҚР заңнамасының нормаларын бұзушылықтарды дереу жою туралы нұсқама шығарылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы