Қуанышбаев атындағы драма театрда "Шәмші" қойылымы сахналанды
Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған «Шәмші» спектакль-элегиясы сахналанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Елордадағы Қалибек Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовты еске алуға арналған «Шәмші» спектакль-элегиясы сахналанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қойылымды тамашалауға Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ сенатор арнайы барды.
Палата спикері өз сөзінде Шәмші Қалдаяқов – қазақ халқының ұлттық мақтанышы, отансүйгіштік мен асқақ рухтың үлгісі екенін атап өтті. Көрнекті композитордың шығармалары ешқашан ескірмейді және қазақ халқының рухани өмірі мен мәдениетінің төрінен орын алады. Шәмшінің туындылары әр буынның өкілдеріне кеңінен танымал.
Мәулен Әшімбаев қазіргі таңда елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша мәдениет саласына үлкен қолдау көрсетіліп келе жатқанын, осы бағытта кешенді шаралар қолға алынғанын атап өтті. Сондай-ақ Сенат төрағасы өнер ұжымына ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттап, композитордың шығармашылығын дәріптегені үшін алғысын білдірді.
«Шәмші» элегиясының авторы белгілі ақын Серік Тұрғынбекұлы. Ол ұлы композитордың жұмбақ әлеміне үңіліп, жан дүниесінің нәзік қырларын шығармасына арқау етті. Қойылымның режиссері Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткер Болат Ұзақов.
Спектакльде Шәмші Қалдаяқовтың «Ақ маңдайлым», «Қайықта», «Кешікпей келем деп ең...», «Бақыт құшағында», «Сыған серенадасы», «Ана туралы жыр», «Теріскей» және басқа шығармалары орындалды.
- Иран мен Оман Ормуз бұғазы арқылы өтетін теңіз жолдарының картасы бойынша келісімге келді 01:50
- Индонезиядағы 7,7 балдық жер сілкінісі: қаза тапқандар саны 47-ге жетті 00:41
- Ақтөбеде жаңа кәріздік тазарту кешенінің құрылысы басталды 15.08.2026
- Ақмола облысында "Ауыл құтқарушылары" ерікті өрт сөндіру бекеті ашылды 15.08.2026
- Қазақстанның орман қорында бір күнде он өрт тіркелді 15.08.2026
- Qazaqstan Barysy – 2026: Дебютант Жантілек Нұртілепұлы – алтын белбеу иегері 15.08.2026
- Тауда адасқан туристерге арналған авариялық қор жәшіктері орнатылуда 15.08.2026