Қуантыров өсу көрсеткіштері қандай өңірлерде төмендегенін айтты

Төмендеу Жетісу, Павлодар және Түркістан облыстарында тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Бұл туралы Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты. 

17 өңір бойынша оң өсу көрсеткіші тіркелді. Ең жоғарғы өсу Шығыс Қазақстан, Абай және Қостанай облыстарында, сондай-ақ Алматы және Шымкент қалаларында байқалып отыр. Аталған өңірлерде азық-түлік тауарлары, мұнай өнімдері, құрылыс материалдары, дәрі-дәрмек, түсті металлдар, тракторлар, жүк және жеңіл автокөліктер өндірісінің өсуі қамтамасыз етілді, - деді Қуантыров. 

Министр көрсеткіштер төмендеген өңірлерді атады.

Төмендеу Жетісу, Павлодар және Түркістан облыстарында, негізінен ұн, алкогольсіз сусындар, тауар бетоны, уран, металл конструкциялары, аккумулятор, бензин, дизель отыны, феррохром, өңделмеген алюминий өндірісінің қысқаруы есебінен байқалып отыр. Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 7,7%-ке, оның ішінде автомобиль жасаудың – 19,6%-ке, компьютер, электронды және оптика құралдар жасаудың – 13,8%-ке, азық-түлік тауарлары – 2,8%-ке, сусындар – 9,1%-ке, пластмасса бұйымдары – 5,3%-ке, дайын металл бұйымдары – 3,0%-ке, химия өнеркәсібі тауарларының – 10,6%-ке, киім өндірісінің – 5,5%-ке өсуі қамтамасыз етілді, - деді ол. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы