Қуантыров болашағы жоқ ауылдарға қатысты пікір білдірді

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров болашағы жоқ ауылдардан қазақстандықтарды көшіру мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы министр Астана халықаралық форумы аясында өткен брифингте айтты.

Сапалық сипатқа ие аймақтық стандарттар жүйесі бар. Біз барлық перспективалы ауылды ең төменгі стандарттар деңгейіне жеткізуіміз керек. Бұл алдымен инфрақұрылым, әлеуметтік, жолдар және т.б. Бұл спутниктік, тірек ауылдар, олардың саны 3,5 мың. 95% халық тұратын ауылдар да бар, - деп айтты Ұлттық экономика министрі.

Оның айтуынша, табиғи түрде жойылып жатқан ауылдар бар. Шалғайда орналасса да, оларды ұмытпау керек.

Халықтың, әсіресе, жастардың кетіп жатқаны анық. Кейбір ауылдар жақын жерде болса, ауылдық округтерге біріктіріледі. Бұл - табиғи процесс. Біз барлық ірі ауылды 2025 жылға дейін ең төменгі стандарттарға жеткізгенде, шағын ауылдарға назар аударамыз. Бірақ біз қазір оларды ұмытпауымыз керек, - дейді Қуантыров брифингте.

Әкімдіктер болашағы жоқ ауылдарды қолдауы керегін атап өтті. Айтуынша, олар басты назарда болуы керек.

Шекаралас аймақтарда орналасқан ауылдарға да ерекше назар аудару керек. Оларды барынша адами капиталмен толтыру, жұмыс орындарын құру қажет, - деп түсіндірді ол.

Әлібек Қуантыров ауылдардан көшуге түрлі факторлар, мысалы климаттық жағдайлар әсер етуі мүмкін екенін қоса кетті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы