«ҚТЖ – Жүк тасымалы» компаниясының бұрынғы басшылығы сыбайлас жемқорлық күдігімен қамауға алынды
Сыбайлас жемқорлық күдігі: «ҚТЖ – Жүк тасымалы» экс-басшылары ұсталды
«ҚТЖ – Жүк тасымалы» компаниясының бұрынғы басшылығы сыбайлас жемқорлық қылмысына қатысы бар деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Аталған оқиғаға қатысты редакция сұрауына Ұлттық қауіпсіздік комитеті жауап берді.
«2026 жылдың 9-10 қарашасында «ҚТЖ – Жүк тасымалы» ЖШС-ның бұрынғы бас директоры В.В. Петров, оның орынбасары К.М. Қабылов және аталған серіктестіктің атқарушы директоры – сатып алуды қамтамасыз ету департаментінің директоры А.К. Сембай ұсталғанын хабарлаймыз. Олар сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікке ілінді. Осы жылдың 11 және 12 қарашасында соттың санкциясымен олар екі ай мерзімге қамауға алынды. Қазіргі уақытта істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде», - делінген жауап хатта.
ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.