ҚТЖ соғыс ардагерлеріне сыйлық әзірледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 75 жылдығын мерекелеу құрметіне орай "Қазақстандық теміржол, автокөлік, әуе және су көлігі қызметкерлерінің салалық кәсіподағы" ҚБ қолдауымен "ҚТЖ" ҰК" АҚ теміржол саласының 75 ардагерін құттықтады. Бұл туралы "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

Ардагерлерге қамқорлық көрсету "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басты басымдықтарының бірі болып табылады. Жас теміржолшы-волонтерлер айтуынша, олар ризашылықтарын білдіру белгісі ретінде Ұлы жеңісті түйген, аянбай еңбек еткен және шыдамдылық танытқан, соғыстан кейінгі жылдарда еліміз бен темір жолдың дамуына үлес қосқан ардагерлер үшін не істей алады, - делінген хабарламада.  

Дәл сол ардагерлер теміржолшылардың жас ұрпағы үшін кәсібилік пен жауапкершіліктің үлгісі болды. Өкінішке қарай, осы жылы Ұлы Отан соғысы майдангерлерінің, тыл еңбеккерлерінің және теміржолшы-ардагерлердің қатысуымен бірге шай ішу, концерт, дәстүрлі құттықтаулар ұйымдастыру мүмкін болмады.

Бірақ та мереке күндері "ҚТЖ" ҰК" АҚ атынан волонтерлер ардагерлердің есігіне дейін байланыссыз тәсілмен азық-түлік салынған себет сыйлықтарын жеткізіп береді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы