ҚТЖ Қытайдан Қазақстанға автомобиль тасымалдай бастады
«Қазақстан Теміржолы» ұлттық компаниясы Қытайдан Қазақстанға автомобиль тасымалдауды жүзеге асыруда.
«Биылғы 23 тамызда Алтынкөл станциясында Қытайдан жеткізілген автомобильдердің ірі партиясы сәтті қабылданды. Осы тасымалдау шеңберінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін арнайы автоторларға орналастырылған 280 автомобиль жеткізіледі», — деп жазды ұлттық компаниядан.
Бұдан әрі автомобильдер соңғы нүктеге — Алматы қаласына дейін жеткізіліп, логистикалық тізбек аяқталады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Іле Алатауы тауларынан жасөспірім құтқарылды
Өзгелердің жаңалығы