ҚТЖ қаражатын жымқырған кәсіпкер сотталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда «ЖилОтделСтрой» ЖШС басшысының алаяқтығына қатысты тергеу аяқталды. Бұл туралы Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады.

ҚМА Қарағанды облысы бойынша аумақтық департаменті 2015-2019 жылдары Қарағанды магистральдық желі филиалы станцияларындағы қоршау жолдарының құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезінде Құдайқұлов А.Б. жұмыс көлемін асыра бағалау арқылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ жалпы сомасы 57 млн астам теңге көлеміндегі қаражатын жымқырғаны анықталды.

Тергеуде шығын бюджетке толық көлемде кері қайтарылды.

Сот үкімімен Құдайқұловқа 6 жылға (шартты түрде) бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы