ҚТЖ нысанында электромеханик тоққа түсіп қаза тапты
Астана станциясының тарту қосалқы станциясында болған жазатайым оқиға фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр, қайғылы жағдайдың себептерін арнайы комиссия анықтауда.
Астана станциясының ЭЧЭ-16 тарту қосалқы станциясының аумағында жазатайым оқиға болды. Тоқ соғуынан 43 жастағы электромеханик Сауранбек Кәден қаза тапты. Артында жары мен жеті баласы қалды.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ оқиға фактісін растап, тергеудің басталғанын мәлімдеді.
2026 жылдың 14 маусымында Астана станциясының тарту қосалқы станциясында орын алған жазатайым оқиға фактісі бойынша белгіленген тәртіппен тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері комиссия жұмысының нәтижесі бойынша анықталады. Тергеу аяқталғанға дейін болған жағдайдың себептеріне қатысты қандай да бір түсініктеме беру ертерек, - деп жауап берді компания редакцияның сауалына.
ҚТЖ тергеу жүргізуге қажетті көмек көрсетіліп жатқанын атап өтіп, қаза тапқан қызметкердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша оқиғаның барлық мән-жайлары мен себептері анықталатын болады.
- ОСК Құрылтай сайлауында қалай дауыс беру керек екенін түсіндірді 15:42
- «Бір күнде бақылаушы бола аласыз». Алматыдағы барлық сайлау учаскесін бақылаушылар қамтымақ 15:32
- Отандық тауарлардың сыртқы нарықтағы орны нығайып келеді: Түркияға экспорт екі есе өсті 15:27
- Ұлдана Мырзуан ісі: Адвокат іске қатысты пікір білдірді 15:25
- ОСК сайлау учаскелеріндегі кемшіліктерді жоюға 23 тамызға дейін уақыт берді 15:21
- Бүгін Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот отырысы басталады 14:55
- Алматыда 8 жаңа мектеп ашылып, білім беру жүйесіне жасанды интеллект енгізіледі 14:47