ҚТЖ басшысы қызметін қандай лауазымнан бастағанын айтты

Үкімет отырысынан кейін өткен брифингте "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов кәсіби жолын қандай лауазымнан бастағанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

"Ақпараттық кеңістікте сіз туралы ақпарат аз, өзіңіз туралы айтып беріңізші, теміржол саласында жұмыс тәжірибеңіз бар ма?" деп сұрады БАҚ өкілдері спикерден.

"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов салада ұзақ жылдан бері еңбек етіп келе жатқанн атты.
Теміржол саласында көп жылдан бері жұмыс істеп келемін. 1992 жылы Алматы теміржол көлігі инженерлері институтын "Теміржол көлігінде тасымалдауды ұйымдастыру және басқару" мамандығы бойынша бітіріп, Батыс Қазақстанға жұмыс бабымен бардым, - деп жауап берді "ҚТЖ" басшысы.

Ол қызмет жолын тауар кассирі болып бастап, жүк пен багажды қабылдап-тапсырушы, станция бастығының орынбасары, аға жол коммерциялық ревизоры сияқты түрлі қызметтерді атқарған.

Кейін Талғат Алдыбергенов Ақтөбеде теміржол саласында қызметін жалғастырған.

Бір жыл "Қазақстан Темір Жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болып қызмет еттім. Салада тәжірибем жеткілікті. Шамамен 35 жылдай еңбек өтілім бар, - деп толықтырды сөзін компания басшысы Үкіметте өткен брифингте.

Еске сала кетейік, шілденің басында "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ басқарма төрағасы лауазымына Талғат Алдыбергенов тағайындалған болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы