Бүгiн 2026, 08:54
Фото: BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев
ҚТЖ Алматы облысында 100 мыңнан астам ағаш отырғызады
Қазіргі уақытта Іле ауданы Ақши ауылы маңында 16 мың, ал Талғар ауданы Нұра ауылы аумағында 8 мыңнан астам ағаш отырғызылған.
«ҚТЖ» ҰК» АҚ экологиялық міндеттемелер аясында Алматы облысында 100 мыңнан астам ағаш отырғызу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Жоба Алматы станциясын айналып өтетін жаңа теміржол желісі құрылысы аясында жүзеге асуда және «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының бір бөлігі болып табылады.
Көшет отырғызу жұмыстары 15 наурызда басталды. Қазіргі уақытта Іле ауданы Ақши ауылы маңында 16 мың, ал Талғар ауданы Нұра ауылы аумағында 8 мыңнан астам ағаш отырғызылған.
Компания бұл бастама өңір экожүйесін қалпына келтіруге, ауа сапасын жақсартуға және экологиялық мәдениетті дамытуға бағытталғанын атап өтті. Жоба жоспарлы режимде жалғасып жатыр.