Мамин Қытайдан жұмыс күшін тартуды тоқтатуды тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР премьер-министрі Асқар Мамин үкімет отырысында коронавирус инфекциясы жылдам тарап жатқан елдерге тұрақты авиарейстерді шектеуді және еңбек мигранттарын қабылдамауды тапсырды.

 Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі коронавирус жылдам тарап жатқан елдерге тұрақты рейстерді шектесін. Сонымен қатар, еліміздің фармацевтикалық кәсіпорындарында медициналық маскалар мен тағы қосымша құралдарды шығаруды ұлғайтуды қамтамасыз етсін. Одан бөлек, қатар өңір әкімдіктеріне мемлекеттік және жеке ұйымдарда, жоғары оқу орындарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сауда орталықтары мен базарларда эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейтуді тапсырамын, - деді Асқар Мамин. 

Ол коронавирус жиі таралып жатқан елдерден жұмыс күшін тартуды тоқтату қажеттігін айтты (Қытай Халық Республикасы, соның ішінде Гонконг, Тайвань, Макао және Иран, Оңтүстік Корея, Жапония, Италия және т.б елдер).

Әкімдіктер мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шетелден жұмыс күшін тарту үшін коронавирустың анықталу деңгейі қолайсыз елдердің азаматтарына рұқсат беруді тоқтата тұрсын. Сондай-ақ, ақпарат және қоғамдық даму министрлігі денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын күшейту бойынша халықпен сапалы ақпараттық жұмыс жүргізсін, - деді үкімет басшысы.
Бұған дейін ҚР премьер-министрі Асқар Мамин үкімет отырысында коронавирус инфекциясына қатысты Денсаулық сақтау және Сыртқы істер министрлігіне тапсырма берді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы