ҚСЗИ жас сарапшылармен кездесті

Бүгін елордада Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында «ҚСЗИ-дың аналитикалық қамтамасыз етудегі рөлі» тақырыбында «Ашық есік күні» өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Іс-шарада еліміздің жетекші талдау орталығының басшылығы жас сарапшыларға 30 жылдық мерейтойға орай ҚСЗИ қызметі мен зерттеулері туралы айтып берді.

Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина іс-шараның маңыздылығы туралы айтып берді.

16 маусым күні институтымыз 30 жылдығын атап өтеді. Мерейтой аясында осы апта бірқатар іс-шара өткізіледі. Оның бірі – «Ашық есік күні». Бұл ғылыми іс-шаралардың жаңа форматы десек болады. Себебі көбіне сараптама, талдау жасағаннан кейін сарапшылармен көп араласамыз. Сонымен қатар тағы бір міндетіміз – жас сарапшыларды дайындау. Елге зерттеу, аналитика жасай алатын сарапшыларды дайындаумен ғана емес, оларға ҚСЗИ-дің қызметімен, жетістіктерімен, бағдарламаларымызбен таныстырып, мекемеміздің қызметі туралы толық ақпарат береміз, - деді сарапшы.

Ол бұл бағыт институттың қоғамдық-ағартушылық қызметі екенін қоса кетті.

Бұл қызмет не үшін маңызды? Біз ел алдындағы жауапкершілікті сезінгендіктен жас, мықты мамандарды дайындауға атсалысуымыз керек. Тәжірибеміз, айтар ойымыз, жинаған ғылыми тәжірибеміз бар. Соның бәрін бөлісу үшін бүгін жас сарапшылармен кездесіп отырмыз, - деп түсіндірді  Жолдыбалина.

Іс-шараға зерттеу ұйымдары мен талдау орталықтарының сарапшылары, жоғары оқу орындарының магистранттары мен докторанттары қатысты.

Биыл 16 маусым күні Президент жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтына 30 жыл толады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: автордан
Өзгелердің жаңалығы