ҚСЗИ-дың Ақтөбе облысы бойынша өңірлік өкілі тағайындалды
Ақтөбеде ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дың Ақтөбе облысы бойынша өңірлік өкілі тағайындалды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Өңірлік өкіл ретінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің Қазақстан халқы Ассамблеясы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасының доценті, саяси ғылымдарының кандидаты Асхат Кеңесов бекітілді. Бұл туралы ғалымдар мен сарапшылардың қатысуымен өткен жиында институт директоры Еркін Тұқымов мәлімдеді.
Кездесуді ашқан ҚСЗИ директоры Еркін Тұқымов еліміздің өңірлерінде білікті мамандар жұмыс істейтінін атап өтті. Көбінесе жергілікті сарапшы өңірдегі жағдайдың үйлесімді сипатын жасауға мүмкіндік беретін мәселелерді біледі. ҚСЗИ тұрақты негізде далалық зерттеулер жүргізеді. Бірақ Институттың өңірде тұрақты өкілінің болуы шұғыл ақпарат алуға және талдауға мүмкіндік береді.
Жұбанов университетімен бірлескен жоба түрінде жүзеге асырылып жатқан бұл шара ҚСЗИ-дың алғашқы тәжірибесі. 30 жылдық мерейтойы қарсаңында ҚСЗИ ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көтерілуде. ҚСЗИ мен Жұбанов университетінің кадрлық әлеуеті мен ресурстарын біріктіру аймақтық зерттеулерге серпін береді.
Ақтөбеге жұмыс сапар аясында «КИСИ GPS. Gylym. Pikir. Sayasat» сараптама алаңының «Аймақтық зерттеу: ҚСЗИ және университет ынтымақтастығы» атты тақырыпта кезекті отырысы өтті.