ҚР ҰҚК төрағасының жаңа орынбасары тағайындалды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының жаңа орынбасарын тағайындады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Ғатаұллаұлы Ирменов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Президенттің өкімімен Қанатай Жорабекұлы Далматов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы