12 Қазан 2026, 20:55 Фото: ©BAQ.KZ архиві/Бауыржан Жуасбаев

ҚР СІМ Сауд Арабиясындағы қазақстандықтарға үндеу жасады

ҚР СІМ Сауд Арабиясындағы Қазақстан азаматтарына үндеу жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сауд Арабиясының азаматтық инфрақұрылымына жасалған шабуылдарға байланысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі аталған елде жүрген қазақстандық азаматтарға:

* сақтық шараларын қатаң сақтап, жергілікті билік органдарының нұсқауларын орындауды;

* нақты қажеттілік болмаса, әуежайларға бармауды, рейстердің мәртебесін әуекомпаниялардан алдын ала нақтылауды;

* адамдар шоғырланған орындар мен қауіптілігі жоғары нысандардан аулақ болуды;

* шұғыл емес сапарларды мүмкіндігінше кейінге қалдыруды ұсынады.

Төтенше жағдайға тап болсаңыз Қазақстан Республикасының Эр-Риядтағы Елшілігіне немесе ҚР-дың Жиддадағы Бас консулдығына хабарласу қажет.

Жедел байланысқа арналған телефон нөмірлері:

Эр-Рияд қаласындағы консул: +966 55 663 01 77.

Жидда қаласындағы консул: +966 53 275 80 80.

Айта кетейік, бұған дейін Эр-Рияд әуежайына қайтадан шабуыл жасалып, 14 адам қаза тапқаны хабарланды.