24 Ақпан 2025 2025, 21:50 Фото: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР СІМ басшысы Ресей елшісін қабылдады

24 ақпанда Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

24 ақпанда Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Ресей Федерациясының елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Министрліктің мәліметінше, кездесу барысында тараптар Қазақстан-Ресей қарым-қатынастарының ағымдағы жай-күйі мен перспективаларын, биік және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сондай-ақ өзара сапарлар кестесін талқылады.

Өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті аспектілері, халықаралық ұйымдар мен интеграциялық бірлестіктер шеңберіндегі Қазақстан мен Ресейдің сындарлы өзара іс-қимылы жөнінде пікір алмасты.