Бүгiн 2026, 18:00 Фото: Ihlas Haber Ajansi

ҚР СІМ Анталиядағы жол апатынан қаза тапқан азамат туралы тың ақпарат айтты

Сыртқы саяси ведомство қайғылы жағдайда көз жұмған жігітке қатысты мәлімдеме жасады.

ҚР СІМ Анталияның танымал курорттық аймағында қаза тапқан азаматқа қатысты тың деректі жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ведоствоның мәлімдеуінше, жол апатынан қаза тапқан 27 жастағы Кубат Аманбековтың Қырғызстан азаматы екені белгілі болды.

Түркия тарапының мәліметінше, қаза тапқан азамат – Қырғызстан азаматы, – деп мәлімдеді ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Еске салайық, бұған дейін түрік басылымдары Анталияда Қазақстан азаматын көлік қағып, қаза тапқаны туралы ақпарат таратқан болатын. Мәліметтерге сәйкес, 27 жастағы Кубат Аманбеков бес жұлдызды қонақүйлердің бірінде бармен болып жұмыс істеген. Ол велосипедпен кетіп бара жатқан кезде такси қағып кеткен. Ауыр жарақат алған жас жігіт оқиға орнында көз жұмған.