ҚР Президенті: Қазір орталықта және жергілікті жерлерде өткізілетін имидждік іс-шараларды азайту керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының жұртшылығымен кездесуі кезінде еліміздің экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторларын атады. Бұл туралы «Хабар24» мәлімдеді.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы ысырапшылдыққа мемлекет деңгейінде тосқауыл қойылуы керектігін тілге тиек етті.

«Үкімет бюджетті тек мемлекетіміздің дамуына және қауіпсіздік мақсаттарына қайта бейімдеуге тиіс. Қазір орталықта және жергілікті жерлерде өткізілетін имидждік іс-шараларды күрт азайту керек. Мен Үкіметке, әкімдерге осындай тапсырма жүктеймін. Ысырапшылыққа мемлекет деңгейінде тосқауыл қоюымыз қажет. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторлары – дені сау ұлт, денсаулық сақтау саласын дамыту және саламатты өмір салтын қалыптастыру. Мемлекеттік шығыстардың басты міндеті – қарапайым адамдардың мәселелерін шешу. Тұрғындарымызға таза ауыз су, баспана, жұмыс орындары, жайлы өмір үшін инфрақұрылым қажет. Міне, біз осы міндеттерді шешетін боламыз.   Министрлер мен әкімдердің жұмысын нақты проблемаларды шешу нәтижелері бойынша бағалайтын боламын», - деді Президент.


Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы