Мамин америкалық ірі ауыл шаруашылығы компанияларының басшыларымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесуде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылы АҚШ-қа ресми сапары барысында қол жеткізілген келісімдерді іске асыру аясында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды, деп хабарлады ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі.

Бүгінде қуаттылығы ауысымына 2000 басқа дейін ірі қара мал басын құрайтын ет өңдеу комбинатын, мал бордақылау орталықтарын, балық шаруашылығы кешенін, агробизнеспаркті, ирригациялық жүйелер өндіретін зауытты салу бойынша жаңа бірлескен жобаларды іске асыру пысықталып жатыр. Барлық жобалар әлемдік стандарттарға сай келетін озық технологиялармен жабдықталатын болады.

Компаниялардың өкілдері Қазақстанның агроөнеркәсіптік саласындағы ілгерілеуді атап өтіп, бірлескен өндірістердің зор әлеуеті барын айтты. Қазақстанның географиялық жағынан тиімді орналасуы компаниялар алдында жаңа өткізу нарықтарын ашып отыр, оның ішінде ЕАЭО, Орталық Азия елдері және ҚХР бар.

ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин, өз кезегінде, Қазақстан Үкіметінің агроөнеркәсіптік сектордағы қазақстандық-америкалық ынтымақтастыққа жан-жақты қолдау көрсететінін хабарлады.

Кездесуге ҚР-дағы АҚШ елшісі У. Мозер, АҚШ-тағы ҚР елшісі Е. Қазыханов, ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров және тағы басқалар қатысты.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы