ҚР мен БАӘ арасындағы сотталғандарды беру туралы заң жобасы қаралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялауға қатысты
заң жобасы қаралды.
Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.
Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда «Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері арасындағы сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы» заң жобасы қаралды.
Құжатта жазасын одан әрі өз елдерінде өтеу үшін екі мемлекет арасында сотталған адамдарды беру мүмкіндігі қарастырылған.
Заң жобасының негізгі міндеті сотталған адамдарды беру мәселелері бойынша екі мемлекеттің құзыретті органдарының өзара іс-қимылын регламенттеу болып табылады.
Шартта сотталған адамды беру, сұрау салудың нысаны мен мазмұны, беру шарттары, сотталған адамды беруден бас тарту негіздері жазылған. Бұдан бөлек аталған құжатта үкімнің орындалуын, үкімнің орындалуын тоқтатуды немесе өзгертуді, ақпарат алмасуды, сотталған адамның транзитін реттейтін нормалар көзделген, - делінген ведомство мәліметінде.
Қазақстан тарапынан орталық орган ретінде Бас прокуратура белгіленді.
Заң жобасы Палатаның қарауына жолданды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы