QR коды бизнеске қалай көмектеседі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. QR кодтардың тауарлар мен қызметтер саласында толық және берік орныққанына бір жыл өтті. 

2021 жылдың маусым айынан бастап олар POS-терминалдармен бірдей деңгейге көтерілді: бизнес өкілдеріне енді өз сауда нүктелеріне қосымша жабдық орнатудың қажеті жоқ. Ал жақында жедел төлем жүйесі енгізілгеннен кейін және оның екінші кезеңі (әртүрлі банктердің клиенттері арасында QR код арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер) жүзеге асырылғаннан кейін тенденция тек артады.

Сатып алушыларға не қажет екені, әрине, түсінікті – төлем неғұрлым байланыссыз, ыңғайлы және оңайырақ болса, соғұрлым жақсы. Ал бизнес үшін QR жүйесі оның даму тарихындағы жаңа тарау болды. Біріншіден, банктер трендке тез бейімделді. Қолданыстағы банк өнімдері банкке бармай-ақ, онлайн режимде тез және қашықтан жүйеге қосылуға, төлемдерді дереу қабылдауға мүмкіндік берді. Екіншіден, клиенттерге бірнеше таңдау – 100% төлем, бөліп төлеу немесе несиеге сатып алу мүмкіндігі ұсынылды. Біз QR бизнеске қалай әсер еткенін және неге кәсіпкерлер күн санап толассыз жүйеге қосылып жатқанын зерттедік. Оны кәсіпкерлердің өздері әңгімелеп берді.

Мен әйелдер киімін сатумен 15 жылдан астам айналысамын, - дейді BRAVO дүкенінің иесі Камила Абдулова. 

Кәсіпкердің қазір Алматыда екі сауда орны бар. 

Біз QR арқылы төлем қабылдаймыз, бұл біздің клиенттер үшін өте ыңғайлы. Жақында банк менеджері Jusan Tole арқылы бөліп төлеу қызметін қосуды ұсынды - дейді ол.

Әйгілі Алматы алтын базардағы Exclusive Gold дүкенінің зергерлік бұйымдарын сату жөніндегі менеджері Раушан Исмаилова Jusan Tole өнімін пайдалану барысында не ұнағанын, қандай артықшылықтары бар екенін айтты.

Біздің компания нарықта 10 жыл жұмыс жасайды, екі сату нүктесі бар. Белгілі бір сәтке дейін біз Jusan клиенті емес едік. Бірақ банк менеджері ыңғайлы да тиімді шарттары туралы айтқанда, біз бірден банк қызметтерін қостық. Біз үшін әрбір сатылым маңызды, ал зергерлік бұйымдарымызды бөліп төлеуге ұсына алсақ және клиент оны өзіне керегін сатып алса, бұл біз үшін бір бақыт. Біз Jusan Tole қызметін барлығына ұсынамыз - деді ол.

Банк статистикасына сүйенсек, мұндай 22 мыңнан астам клиент тарихы бар. Jusan Bank қызметкерлерінің айтуы бойынша Jusan Tole-ге қосылған клиенттер саны шамамен үш есе өскен: егер 2022 жылдың қаңтарында жүйеге 7 899 ШОБ өкілі қосылған болса, мамырда бұл көрсеткіш 22 765 жеткен. Бірақ әрбір тұтынушының оқиғасы ұқсас: біз қызмет туралы естідік, мүмкіндіктерін бағаладық, қызметке қосылдық, көңілімізден шықты, пайдалануды жалғастырудамыз. Дегенмен де қызметті пайдаланушылар негізгі артықшылықтарын атап өтті – 1 күн ішінде жылдам қосылу және 2 миллион теңгеге дейінгі бағамен өз тауарларын немесе қызметтерін 12 айға бөліп төлеуге немесе 24 айға дейін несиеге сату мүмкіндігі. Сонымен қатар тауарларды банк маркетплейсі – Jusan Дүкенде орналастыруға болады. Бұл ретте, кәсіпкер үшін Jusan Tole арқылы QR жүйесімен төлем жүргізгенде комиссия төлем сомасының 0,8% құрайды. Төлем жасалғаннан кейін ақша бірден шотқа түседі.

Бірақ Jusan Tole екі саланы біріктіреді – қауіпсіз әрі ыңғайлы қызмет пен мобильді қосымша. Оны пайдалану үшін сізге банк шотын ашу қажет –  екі әрекетті де Jusan Business қосымшасында ЭСҚ және қосымша бағдарламаларды пайдаланбай-ақ тегін, онлайн режимінде жасауға болады. Әрі қарай сіз өзіңіз таңдайсыз –  жаңа POS-терминал орнатқыңыз келе ме немесе мобильді қосымша арқылы жұмыс жасай бересіз бе. Jusan Business көмегімен сіз күнделікті бизнеске алаңдамай, әлемнің кез келген жерінде өз компанияңызды басқара аласыз. Қосымша 5 минут ішінде ЖК үшін тегін шот ашуға, салықтар мен алымдарды дайын төлем құжаттарымен комиссиясыз төлеуге мүмкіндік береді, тек бір рет басу арқылы қол қою жеткілікті.

Тарифтік конструкторы сіздің бизнесіңіздің қажеттіліктері мен көлеміне қарай банк қызметінің жеке тарифтік жоспарын таңдауға мүмкіндік береді. Егер таңдаған қызметтеріңіз есеп айырысу мерзімінің соңына дейін жетпей қалса, қосымша операцияларды сатып алуға болады. Қосымша, бірақ пайдаланылмаған операциялар жоғалмайды, қалдық прогресс-барда көрсетіледі және келесі кезеңге өтеді. Қаласаңыз, кез келген кәсіпкерлік мақсатқа 36 айға дейін 100 миллион теңге несие ала аласыз немесе Jusan Tole қызметіне қосыла аласыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы