ҚҚС бойынша жаңа шек – 15 миллион теңге

"Қазақстан Республикасы Салық кодексінің жобасына Үкіметтің жаңа бастамаларын талқылау" тақырыбындағы Қаржы және бюджет комитеті дөңгелек үстелінде Ұлттық экономика министрінің орынбасары Азамат Әмрин ҚҚС-ға қатысты жаңа шек пен жеңілдетілген декларация туралы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Азамат Әмрин Мәжіліске ұсынылған Салық кодексінің жаңа нұсқасына сәйкес қосымша құн салығының жаңа шегі қанша екенін атады.

ҚҚС бойынша жаңа шек – 15 миллион теңге, бұл бизнес субъектілерінің жасанды түрде бөлінуін тиімсіз ету үшін енгізілмек, - деді Ұлттық экономика министрінің орынбасары.

Оның сөзінше, қосымша құн салығы бойынша кодексте жеңілдетілген салық декларациясы енді тауарлар мен қызметтерді басқа бизнеске сататын кәсіпкерлер үшін қолданылмайды.

Сонымен қатар, "жеңілдетілген" режимді пайдалана алатын қызмет түрлеріне шектеу енгізіледі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы