ҚҚС бойынша шекті мөлшерді төмендетсек, бюджетке 400 млрд теңге шығын келеді
Бұл туралы Ұлттық экономика министрі – Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Жұсанғариннің айтуынша, ҚҚС мөлшері 16% деңгейінде белгіленбек.
ҚҚС мөлшері 16% болады. ҚҚС бойынша тіркеу шегі – 40 млн теңге деп белгіленбек. Бұл – қол жеткізілген ымыраның нәтижесі. Алайда осы шешімнің негізінде біз 160 мың жаңа салық төлеушіден айырылып, шамамен 400 млрд теңге қосымша кірісті жоғалтатынымызды айта кеткім келеді. Мұны айтып отырғаным – кәсіпкерлер Үкімет пен Парламент осындай ымыраларға баруға дайын екенін түсінуі үшін, – деді вице-премьер.
Еске сала кетейік, осыған дейін үй жанындағы дүкендер салық төлемейті туралы жаздық.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тағы да қатты жер сілкінісі болды
Өзгелердің жаңалығы