Қожахмет Қарағанды облысының ҮЕҰ өкілдерімен кездесті
АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет Қарағанды облысының үкіметтік емес ұйымдарының өкілдерімен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Кездесу барысында М. Қожахмет азаматтық қоғам институттарын дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, іске асырылып жатқан жобалар мен ведомствоның негізгі міндеттері туралы сөз қозғады.
М. Қожахмет қазіргі уақытта мемлекет реформаларды әзірлеу мен іске асыруда, өзекті мәселелерді шешуге қатысуда қоғамдық ұйымдар мен белсенді азаматтарды тарту үшін барлық жағдайды жасап жатқанын атап өтті.
Кездесуде азаматтық қоғам өкілдері мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс жобаларын өңірлер бойынша үйлестіру және басқа да толғандыратын мәселелерді талқылады. М. Қожахмет азаматтық қоғамның мәселелерін шешу бойынша тиісті шаралар қабылданатынын жеткізді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Неміс кәсіпорыны 5500 қызметкерін жұмыстан шығарады
Өзгелердің жаңалығы