Қозғалтқышынан өрт шыққан ұшақ шұғыл түрде әуежайға қайта қонды
United Airlines әуе компаниясының Денверден (АҚШ) Эдмонтонға (Канада) бағыт алған жолаушылар ұшағы қозғалтқышта шыққан өртке байланысты шұғыл түрде қайта қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды BAQ.KZ ABC телеарнасына сілтеме жасап.
Хабарламада қозғалтқыштағы өрт сирек кездесетін жағдай – қоянмен соқтығысу салдарынан болғаны айтылған.
Жолаушылардың айтуынша, өрт ұшақ әуеге көтерілген сәтте, яғни Денвер әуежайынан ұшып шыққаннан кейін басталған. Экипаж шұғыл әрекет етіп, әуе кемесін қайтадан сол әуежайға қондырды. Жолаушылар кейін Эдмонтонға басқа ұшақпен жөнелтілді.
АҚШ-тың Федералдық авиация әкімшілігі (FAA) 2024 жылы тіркелген 20 мыңға жуық жануарлармен соқтығысу жағдайының ішінде қояндармен болған оқиға небәрі төрт рет кездескенін мәлімдеді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы