300 бас ұсақ малмен жайылымға шыққан қойшы жоғалып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Іздестіру-құтқару жұмыстары сәтті аяқталып, Шығыс Қазақстан облысы тұрғыны табылды, деп хабарлады Polisia.kz. 

Жарма ауданының полиция бөліміне 2020 жылдың 19 ақпан сағат 16:41-де Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы 8 март ауылының жанында орналасан "Алтыбай" ш/қ меңгерушісі хабарласып осы жоғарыда аталған "Алтыбай" ш/қ жұмысшысы 19 ақпан күні таңертең сағат шамамен 09:00 атқа отырып 300 бас ұсақ малын жайылымға айдап шығып, боран салдарынан қазіргі уақытқа дейін байланысқа шықпай отырғаны туралы хабарлаған. 


Іздестіру жұмыстары 2020 жылы 19 ақпан күні 19 сағат 50 минутта басталды. Жалпы іздестіру жұмыстарына Жарма аудандық полиция бөлімшесінен 8 қызметкер, 1 "УАЗ" маркалы және 1 "Нива" маркалы автокөлігі, Жарма аудандық әкімшілігінен 1  "УАЗ ПИКАП" автокөлігіне тіркегіш тіркеп 1 қар шанамен, Жарма ауданы төтенше жағдай бөлімшесінен УАЗ автокөлігімен 2 адам, Семей қаласының құтқару отрядынан 2 МАРШ нива автокөлігімен 4 адам, Белтерек ауылынан 5 адам 1 жеңіл автокөлік және 1 қара шана, 8 март ауылынан 8 адам ауыл тұрғындары жұмылдырылды, - делінген ведомство хабарламасында.

Абырой болғанда, аман есен табылды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы