22 Қазан 2025, 08:40
Фото: pixabay
Қоймаларда шамамен 570 мың тонна көмір қоры бар – ҚТЖ
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының мониторингтік топтары тұрғындарға арналған коммуналдық-тұрмыстық көмірдің жеткізілу барысын бақылау мақсатында ел аумағындағы көмір тұйықтарын тексерді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚТЖ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеру нәтижесінде қоймаларда шамамен 570 мың тонна көмір қоры бар екені анықталды. Вагондармен қамтамасыз ету, көмірді тиеу және тасымалдау барысында ешқандай кідіріс немесе проблема тіркелмегені хабарланды.
ҚТЖ өкілдерінің мәліметінше, компания коммуналдық-тұрмыстық көмірдің үздіксіз жеткізілуін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды қабылдаған. Сондай-ақ тұрғындар үшін көмір тасымалының барысын бақылап, үйлестіру жұмыстарын жүргізетін жедел штаб жұмыс істейді.
- Павлодар облысында 18 миллион теңгенің ауыл шаруашылығы жері мемлекетке қайтарылды 23:15
- Астанада бірқатар көше жөндеу жұмысына байланысты жабылады 22:44
- Алматыда интимдік қызмет көрсететін 430-дан астам пәтер анықталды 22:15
- Жексенбіде бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды 21:52
- Еуропа кубогы кезеңі: Диана Ержанова триатлоннан жасөспірімдер арасында жеңімпаз атанды 21:22
- Норвегиядағы алапат өрттен 100-ден астам үй жанып кетті 20:53
- Түркістанда «Шәмші әндері» өнер фестивалі өтіп жатыр 20:17