16 Қараша 2026, 23:52
Фото: скрин / ТЖМ
Қойма мен жүк көліктері өртенді
Маңғыстау облысындағы өнеркәсіптік аймақта өрт шығып, қойма мен жүк көліктері отқа оранды.
Ведомствоның баспасөз қызметінің мәліметінше, Жаңаөзеннің солтүстік өнеркәсіптік аймағында бір-бірінен бөлек орналасқан үш қойма ғимаратынан, екі жүк көлігінен және дизель отынынан өрт шыққан.
Қазір өрт толық сөндірілген.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.