Қоянды су қоймасы аумағында сенбілік өтті

Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «Мемлекеттік күзет қызметімен» бірлесіп Қоянды су қоймасының аумағын жинау бойынша сенбілік өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шара жұрт назарын қоршаған ортаның ластану мәселесіне, табиғатты сақтау мен экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңыздылығына аударуға бағытталған.

Сенбілікке 6 ұйымнан 80 адам қатысты. Олардың қатарында «Мемлекеттік күзет қызметінің» әскери қызметшілері, «Эко Полигон Астаны» ЖШС, «Clean City NC» ЖШС, «ЖасНұр» өндірістік-шаруашылық кәсіпорны» МКҚК және «Арғын Строй 2015» ЖШС кәсіпорындарының өкілдері бар.

Полигонға 19 тонна қалдық жиналып, шығарылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Өзгелердің жаңалығы