Қоян-қолтық ұрыстан халықаралық чемпионат жеңімпаздары марапатталды

Қорғаныс министрлігінің Аппарат басшысы полковник Ербол Құмарбекұлы ТМД-ға қатысушы мемлекеттер достастық әскерлерінің әскери қызметшілері арасындағы XVI спартакиада аясында қоян-қолтық ұрыстан өткен біріншіліктің жеңімпаздарымен кездесті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қырғызстанның Шолпан ата қаласында өткен чемпионатқа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан әскери қызметшілері қатысты.

Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте Қазақстан құрамасы жеңімпаз атаанды. Жеке есепте біздің командаға 57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сержант Жандос Мадехиянов, 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде майор Арман Шәкіртов, 65 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде 3-сыныпты сержант Әли Баттал, 70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сержант Олжас Ержан алтын әкелді.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде капитан Бағашар Қораласов, 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сержант Бақытжан Дүйсембеков, 85 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сержант Ерсұлтан Советов, 90 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде лейтенант Арман Ерменбет, 95 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Еламан Қуатов күміс жүлдегер атанды.

Полковник Ербол Құмарбекұлы спортшыларға Қорғаныс министрінің атынан алғыс білдіріп, олардың өзге әскери қызметшілерге үлгі болатынын атап өтті.

Сіздерің халықаралық ареналардағы жеңістеріңіздің құрметіне мемлекетіміздің туы көтерілді, бұл үлкен нәтиже, – деп атап өтті ол.  Сіздер бүгінгі күннің нағыз батырларысыздар, - дед Ербол Құмарбекұлы.

Сондай-ақ аппарат басшысы жыл соңында қорғаныс ведомствосында әскери қызметші спортшылардың жетістіктеріне талдау жүргізілетінін айтты. Оның ішінде ең үздігіне мерзімінен бұрын әскери атақтар беріледі. Басқа да көтермелеулер қарастырылған.

Сонымен бірге қазақстандық спортшылардың осымен үшінші жыл қатарынан ТМД-ға мүше мемлекеттер достастық армияларының әскери қызметшілері арасында өткізілетін армиялық қоян-қолтық ұрыс жарыстарында чемпион атанғанын атап өткен жөн.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы