Қоян-қолтық ұрыстан Әлем чемпионатына 300-ге жуық спортшы қатысады

2023 жылғы 16-18 маусым аралығында «Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығының» ұйымдастыруымен Астана қаласының Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында қоян-қолтық ұрыстан VII Әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шараға Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы мен ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті қолдау көрсетеді. 

Әлем чемпионатына 28 елден 300-ге жуық спортшы қатысады. Олардың қатарында Әзербайжан, Армения, Ауғанстан, Беларусь, Гана, Германия, Үндістан, Иордания, Иран, Қырғызстан, Румыния, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан, Венесуэла, Қытай, Колумбия, Италия, Испания, Перу, АҚШ, Сенегал, Тайланд, Чехия, Польша, Молдова, Моңғолия, Қазақстан бар.

Чемпионат «Жекпе-жек» (8 ерлер, 6 әйелдер және 2 абсолютті салмақ категориялары) және «Өзін-өзі қорғау» (11 ерлер, 5 әйелдер салмақ категориялары) түрлері бойынша өтеді. 

Чемпионат бағдарламасы келесідей:

16 маусым: «Өзін-өзі қорғау»(қатысушылар қарусыз және қарулы шабуылдан өзін-өзі қорғау тәсілдерін көрсетеді): 10.00-13.00 алдын ала кездесулер; 14.00-19.00 жартылай финалдық және финалдық жекпе-жектер. 

Марапаттау. 

17 маусым: «Жекпе-жек»: 10.00-13.00 алдын ала кездесулер; 

14.00-19.00 жартылай финалдық және финалдық жекпе-жектер. 

18 маусым сағат 17.00-20.00: Әлем чемпионатының ашылуы. 

Финалдық жекпе-жектер. 

Марапаттау. 

Чемпионаттың соңғы күні жекпе-жек арасындағы үзілістерде жанкүйерлер назарына отандық шоу-бизнес жұлдыздарының қатысуымен болатын концерттік бағдарлама ұсынылады. 

Айта кетейік, чемпионаттың 16-17 маусымда өтетін кездесулеріне кіру тегін. Ал 18 маусымда өтетін финалға билеттерді ticketon.kz сайтынан алуға болады. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Бүкілқазақстандық қоян-қолтық ұрыс қауымдастығы
Өзгелердің жаңалығы