Қостанайлықтарды тасымалдайтын қоғамдық көлікке қауіп төніп тұр
Қостанайлық қоғамдық көлік тасымалдаушылар мен қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің арасындағы келіспеушілік салдарынан тұрғындарды тасымалдау тоқтап қалуы мүмкін, деп хабарлайды өңірдегі BAQ.KZ тілшісі.
Бұндағы шешуі табылмай келе жатқан басты мәселе осысалада жылдар бойы қызмет көрсетіп келе жатқан мекемелердің талап бойынша жаңа автобустарды сатып ала алуға шамалары жоқ. Қалалық әкімдік пен тасымалдаушы компаниялар келісімшарттарды ұзартуға осы айтылған жағдай кедергі болуда. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі талапты орындамаған тасымалдаушы компаниялармен келісімшартты үзуге мәжбүр екендерін алға тартуда.
Талай уақыттан бері талас-тартысқа толы күн тәртібіндегі өзекті сауал өңірлік кәсіпкерлер палатасы жанындағы көлік мәселелері жөніндегі комитеттің отырысында талқыланды. Жиында «ТТС» ЖШС директорының қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары Ирина Лавриченко 2021 жылы тасымалдаушылар жергілікті «СарыарқаАвтоПром» зауыты шығарған жаңа SAZ LE60 автобустарын сынақтан өткізіп, оларды жалға алғанын еске салды. Бұл бірінші қадам, алғашқы тәжірибе болғандықтан бірақ мұнда да өзіндік мәселелер баршылық екенін алға тартады.
Тасымалдаумен айналысатын қостанайлық кәсіпорындар өздеріне тиесілі емес автобустардың несиені субсидиялар есебінен өтеуден жалықтық дейді. Жоғарыда аталған жаңа автобустардың барлық құжаттары «Тобыл» ӘКК-ның меншігіне тиесілі. Яғни, тасымалдаушылар өздеріне тиесілі емес автобустардың несиесін не үшін төлеп жатқанын түсінбей келеді.
Бізде 2021 жылы алған автобустарда не жалдауды растайтын, не мүлікке иелік ететінді растайтын бірде бір құжат жоқ. Барлық сақтандыру полистері мен техпаспорттар «Тобыл» ӘКК-на ресімделген. Субсидия лизингтерінің мерзімі аяқталғаннан кейін автобустарды бізден алып, келесі біруге сатып жібермесіне ешкім кепілдік бермейді, - дейді Ирина Лавриченко.
«Жарық жол 1» ЖШС директоры Виктор Мучинский тендер шарты бойынша автопаркті жаңартумен айналысу керектігін айтты. Әйтпесе, тасымалдаушы қалалық маршруттар бойынша қызмет көрсете алмайды. Алайда кәсіпкерге банктен несие берілмей отыр. Өйткені әкімдік онымен шартты ұзартуға құлықсыз.
Қолданыстағы келісімшарттың аяқталуына үш ай қалды. Ал жаңа автобустар сатып алу үшін банктен несие алайын десем, олар менің алдағы 7 жыл бойы осы салада жұмыс істейтінімді дәлелдейтін құжатты талап етіп отыр. Осыған байланысты олар маған несие бермейді. Ал мен зауытқа жаңа автобустарға қажетті алғашқы жарнаның бір бөлігін төлеп қойдым. Ол аз қаражат емес 40 млн теңге. Қазір зауыт менің тапсырысым бойынша автобустар жасап жатыр. Зауыт маған несиеге бермейді. Бірақ автобус сатып алуым керек. Бірақ қалай алам білмеймін, - дейді Виктор Мучинский.
Тасымалдаушы мұндай жағдайларда мемлекет тарапынан қолдау тауып, тасымалдаушы компаниялармен келісімшартты ұзартуы керек деп санайды.
Қостанай қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі жолаушылар тасымалы секторының меңгерушісі Нұрдәулет Бейсеновтың айтуына қарағанда, мекеме автобустар паркін жаңаласа, шығын пайызы есептеліп келіп, келісімшартты 10 жылға дейін ұзартуға болатын кесте бар екенін алға тартады.
Тасымалдаушылар бұған дейінде жаңа автобустар сатып алды. Бірақ бұл пайыздық көрсеткіш тұрғыда жеткіліксіз. Биыл тағы 54 қоғамдық көлік сатып алу жоспарлануда. Ұзартуды жүзеге асыру үшін техниканы жаңартудың белгілі бір деңгейіне жету керек. Содан кейін біз шарттарды ұзарта аламыз. Қазір тасымалдауды ұйымдастыру бойынша конкурс дайындалуда, кез келген компания оған қатыса алады. Жеңіске жеткен жағдайда одан әрі жұмыс істеуге болатын келісім – шарт жасаймыз, - деп түсіндірді Нұрдәулет Бейсенов.
Кездесуде екі тараптың бітпейтін дау-дамайларына нүкте қойылған жоқ. Осылайша «сен салар да мен салар, Атқа жемді кім салар?» деп екі жақырылдасып жүргенде Қостанай тұрғындары жаяу жүрмесіне кім кепіл?