Қостанайлық жауынгер Джиу-джитсудан әлем чемпионы атанды

20-24 мамыр аралығында Бангкок қаласында (Таиланд) джиу-джитсудан әлем кубогы сарапқа салынды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қостанай өңіріндегі тілшісі.

Төрт күн бойы Бангкок төрінде құрылған жекпе жек татамиінің шаңын қағу үшін жиналған әлемнің түкпір-түкпірінен келген ең мықтылардың бәсекесінің бәсі жоғары болды. Жер шарының он екі елінің үкілеп әкелген саңылақ спартшылары сынға түскен мықтылардың бәсекесінде қостанайлық сарбаздың бағы жанды.

Қостанай қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімінде ефрейтор болып қызмет етіп жүрген Мәлік Байсұлтанов алпыс екі келіге дейінгі салмақта төрт кездесу өткізіп, барлық қарсыластарын айқын басымдықпен ұтып отырды.

Мен алпыс екі келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдестім. Татамиде маған қарсылас болғандардың басым бөлігі бұған дейін осындай әлемдік жарыстарда шыңдалған тәжірибелі спортшылар болды. Мен үшін бұл бірінші рет жеке-жеке татами қарсыласпен бет-бет келуім емес. Бұл жолы маған артылған сенім мен үміттің жүгі салмақты екенін сезіндім. Тұтас қазақ елінің намысы сынға түскен байрақты бәсекеде қарап қалмай барымды салдым, – деп өз әсерімен бөлісті Джиу-джитсудан әлем чемпионы Мәлік Байсұлтанов.

Ефрейтор Байсұлтанов Мәлік Мұхамедиярұлы. - қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының 6697 әскери бөлімінде, жедел батальон бөлімшесінде бас маман болып қызмет етуде.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Ұлттық ұланының Орталық өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы