Қостанайлық Ресейден вейпті заңсыз әкеліп ел аумағында сатқан

Қостанай облысының прокуратурасы электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) заңсыз әкелу, сату және тарату туралы қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі жедел тергеп-тексеру хаттамасын бекітті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанай облысы прокуратурасының мәліметінше, жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қостанай облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері Қостанай қаласының тұрғыны Ресей Федерациясының аумағында вейп сатып алатынын, оны ел аумағына заңсыз әкелетінін және кейіннен өзі құрған «Telegram» арнасы арқылы іске асыратынын анықтады. 

Айыпталушының тұрғылықты жерін тінту кезінде 7 498 дана көлеміндегі вейп өнімдері табылып, тәркіленді. Оның әрекеттері қылмыстық кодекстің 301-бабы-1-бөлігі,1, 2-бөлігі (электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) әкелу, сату және тарату) бойынша сараланған. Баптардың санкциясы мүлкі тәркіленіп, екі жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады. Қылмыстық іс Қостанай қаласының №2 сотына жолданды, - делінген хабарламада.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жолдау - жігер жолы
Өзгелердің жаңалығы