Қостанайлық құтқарушы өртенген дүкеннен газ баллонды алып шықты
Қостанай облысының құтқарушылары газ баллонды өрттен шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Рудный қаласында бірінші қабаттағы дүкенде 20 ш.м. алаңда заттардың жануы орын алды.
Өрт сөндіруші-құтқарушы Мұхтархан Сапарғали дүкеннен бір газ баллонды қауіпсіз аймаққа шығарды. Зардап шеккендер жоқ. Жану толығымен сөндірілді. Себебі анықталуда, - делінген ведомство хабарламасында.
ТЖМ азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы