Қостанайлық құрылыс компаниясына 800 мың теңгеге жуық айыппұл салынды

Қостанай қаласының прокуратурасы құрылыс салушының салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйдің үлескерлерін ақша қаражатын заңсыз тарту фактісін анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Сонымен қатар «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көппәтерлі тұрғын үйлер салу үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тартуға тыйым салынады. 

Мұндай мәмілелер жарамсыз деп танылады. Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы заңнамалық актінің талаптарын бұзғаны үшін прокуратура құрылыс салушыға қатысты әкімшілік іс қозғады және сотқа қарауға жіберілді.

2024 жылғы 29 шілдеде сот қаулысымен құрылыс салушы 775 320 теңге мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - делінген ведомство хабарламасында.

Сот қаулысы заңды күшіне енді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов - архив
Өзгелердің жаңалығы