5 Маусым 2023 2023, 14:23 Фото: Polisia.kz

Қостанайлық полицейлер пәтер ұрлығын ашты

Күдікті үй иелері болмаған кезде пәтерге кіріп, 8,9 млн теңге ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап.

Күдікті үй иелері болмаған кезде пәтерге кіріп, 8,9 млн теңге ақша мен алтын бұйымдарды ұрлаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz сілтеме жасап. 

Қостанай ПБ Оңтүстік бөлімінің қызметкерлері ПД криминалдық полиция басқармасының әріптестерімен бірлесіп, бір күдіктіні анықтады.

Одан ұрланған қаражат пен алтын бұйымдардың бір бөлігі тәркіленді. ҚР ҚК 188-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.