Қостанайлық өрт сөндірушілер тұрғын үйден 3 газ баллонын шығарды

Қостанайда "Бағбан-Құрылысшы" бау-бақша қоғамында саяжайдағы тұрғын үйде өрт болды. ТЖД мамандары оқиға орнынан 27 литрлік 3 газ баллонын эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрт алаңы 80 шаршы метрді құрады. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуынан, - деп жазды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Өртті сөндіруге Қостанай облысы ТЖД жеке құрамының 8 адамы, 2 техникасы жұмылдырылды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Өзгелердің жаңалығы