5 Наурыз 2024 2024, 06:07 Фото: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Қостанайлық өрт сөндірушілер тұрғын үйден 3 газ баллонын шығарды

Қостанайда "Бағбан-Құрылысшы" бау-бақша қоғамында саяжайдағы тұрғын үйде өрт болды. ТЖД мамандары оқиға орнынан 27 литрлік 3 газ баллонын эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанайда "Бағбан-Құрылысшы" бау-бақша қоғамында саяжайдағы тұрғын үйде өрт болды. ТЖД мамандары оқиға орнынан 27 литрлік 3 газ баллонын эвакуациялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Өрт алаңы 80 шаршы метрді құрады. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуынан, - деп жазды Төтенше жағдайлар министрлігі.

Өртті сөндіруге Қостанай облысы ТЖД жеке құрамының 8 адамы, 2 техникасы жұмылдырылды.