28 Мамыр 2023 2023, 14:50

Қостанайлық оқушы 4-қабаттың терезесінен құлап кетті

Қостанай облыстық ПД бұл аймақтағы жыл басынан бергі сегізінші оқиға екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қостанай облыстық ПД бұл аймақтағы жыл басынан бергі сегізінші оқиға екенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

27 мамырда сағат 11:00 шамасында 13 жастағы оқушы қыз Шаяхметов көшесіндегі үйдің төртінші қабатындағы пәтер терезесінен құлап кеткен. Оқиғаға куә болған көршілер полицияға хабарлаған. Жедел жәрдемді де, сол кезде жұмыста болған ата-анасын да солар шақырған.

Alau.kz-тің хабарлауынша, әңгіме жүргізу кезінде мектеп оқушысы терезеден қараймын деп салғырттығынан құлап қалғанын түсіндірген. Бұл кезде пәтерде 9 жастағы сіңілісі мен 2 жастағы інісі болған. Оқушы қыз түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Полицейлер балаларды қараусыз қалдырмауды сұрайды.