Қостанайлық модель "Әлем аруы–2025" байқауында Қазақстан намысын қорғайды

Қостанайдан шыққан 20 жастағы модель Дана Алмасова Таиландтың Бангкок қаласында өтетін «Miss Universe 2025» халықаралық сұлулық байқауына қатысу үшін жолға шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Miss Qazaqstan ұлттық комитетінің хабарлауынша, Дана байқаудың басталуына дейін дайындық кезеңінен өтеді. Қатысушыларды фотосессиялар, жаттығулар, ұйымдастырушылармен кездесулер мен үлкен финалға арналған репетициялар күтіп тұр.

Кеше біз Дана Алмасованы Бангкокта өтетін Miss Universe 2025 байқауына шығарып салдық. 19 қарашаға дейін Дана бай дайындық бағдарламасына қатысады  – жаттығулар, репетициялар мен жарқын оқиғалар алда, – делінген Miss Qazaqstan ұйымдастырушыларының хабарламасында.

Байқаудың ресми ашылу рәсімі ұлттық костюмдер көрсетілімімен өтеді, ал финалдық шоу 21 қарашада ұйымдастырылады. Биыл жарысқа әлемнің 125-тен астам елінен арулар қатысады.

Айта кетейік, Дана Алмасова 2025 жылы «Miss Qazaqstan» атағын иеленген. Қостанай қаласының тумасы бірнеше жылдан бері модельдік мансаппен айналысып, халықаралық сән индустриясында Қазақстанның атынан табысты өнер көрсетіп келеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: instagram.com/almassshine
Өзгелердің жаңалығы